Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы
ҚАЗ
RU
Меню
Главная Басшы блогы

Басшы блогы

Бердімұратов Марат Сабыржанұлы 1968 жылы 24 желтоқсанда Целиноград облысы, Алексеевка ауданы, Киров ауылында дүниеге келген.

М. С. Бердімұратов 1993 жылы Ақмола мемлекеттік медицина институтын бітіріп, облыстық аурухана базасында хирургия бойынша интернатурадан өткеннен кейін Ақкөл ОАА-ға жұмысқа келді.

1994-1998 жылдар аралығында хирург дәрігері болып жұмыс істеді.

1998 жылы аудандық хирург дәрігерінің міндетін атқара отырып, хирургиялық бөлімшенің меңгерушісі болып тағайындалды.

2023 жылғы 23 маусымда Ақкөл аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

2024 жылдың 2 сәуірінде Ақкөл аудандық ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды.

«Жалпы хирургия» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.

Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдінов медалімен марапатталды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. «Ерең еңбегі үшін» медалімен наградталды. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен наградталды. «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» төсбелгісімен наградталды.

Политика конфиденциальности