Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы
ҚАЗ
RU
Меню
Главная Ауруларды басқару бағдарламасы

Ауруларды басқару бағдарламасы

Қазақстан Республикасында Ауруларды басқару бағдарламасы

 

Қазақстанда созылмалы ауруларды емдеуді жақсарту, аурудың асқынуын азайту, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған Ауруларды басқару бағдарламасы (бұдан әрі – АББ) енгізілуде. АББ-ға артериялық гипертензия, созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі және қант диабеті сияқты аурулар кіреді.

Ауруларды басқару бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі созылмалы аурулары бар ақпараттандырылған, белсенді адамның емхана қызметкерлерімен, яғни түрлі мамандықтағы дәрігерлер мен мейіргерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары және психологтармен - мультитәртіптік  командамен тиімді түрде өзара әрекеттесуі болып табылады.  

Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу:

  • адамның өмір сүру сапасын жақсартуға;
  • аурудың асқынуын азайтуға;
  • жедел медициналық көмек шақырудың санын азайтуға;
  • дәрігерді үйге шақыруды азайтуға;
  • адамның өз денсаулығына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Егер пациент өз денсаулығын қолына алып және ауруларды басқара алатын болса, ол өзіне және жақын адамдарына қанағат пен бақыт әкелетін өмір сүреді.

Республикада осы әдісті көпшілікке тарату үшін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Ауруларды басқару бағдарламасына қатысатын пациенттер арасында «АББ ең үздік пациенті» республикалық конкурсын өткізеді.

Үздік пациентті таңдаудың талаптары – оның АББ бақылану ұзақтығы,  ұсыныстарға бейілділігі, нысаналы индикаторларға қол жеткізуі, оның ішінде асқынулардың дамуы, емделуге жатқызу, жедел медициналық көмекті шақыру жиілігі.

Бірлесе отырып өзінің жоғары тиімділігі мен нәтижелілігін көрсеткен пациенттер арасында Ауруларды басқару бағдарламасы туралы көбірек ақпарат беруге және белсенді қатысуға қол жеткізуге болады.

Нозоло-гия

Состо-ит на Д учете

Учав-ствую-щие в ПУЗ

АГ

2248

1417-63%

СД

538

372-69%

ХСН

110

69-62%

Политика конфиденциальности