Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы
ҚАЗ
RU
Меню
Главная Жаңалықтар ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ БАЛАЛАР ЖАРАҚАТТАНУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ БАЛАЛАР ЖАРАҚАТТАНУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

02 Августа 2022

Жоғары температураға (қапырық ауа, күн өту), ашық терезелерге (құлап қалу) және басқа да себептерге байланысты жарақат алу қаупі артатын жаз мезгілінде балалардың жарақат алуынан қалай қорғану керек?

Жазда жарақаттанудың алдын алудың негізгі тәсілі – бұл сақтану және абайлау.

Киім мен аяқ киімді ауа райына қарай дұрыс таңдау маңызды. Жазғы спорт түрлерімен айналысқан кезде және ойын ойнағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау керек, балаларды қараусыз қалдырмаған дұрыс.

Балаларға жаз мезгілінде күн астында көшеде жүргенде бас киімді шешпеу керек екенін түсіндіру қажет. Серуендеу кезінде де, жағажайда демалған кезде де солай істеген жөн. Осылайша, күн өту қаупі азаяды. Серуендеуге шыққанда ауыз су режимін қамтамасыз ету үшін өзіңізбен бірге ыдысқа су құйып алып жүрген дұрыс, бұл талып қалмауға және жалпы көңіл-күйдің түспеуіне көмектеседі.

Шыбын-шіркейден қорғайтын торлары бар терезелер ашық тұрған кезде сақ болу керек, олар, әсіресе, жоғары қабаттарда орналасқан жағдайда өте қауіпті болады. Көбінесе, кішкентай балалар осындай ашық тұрған терезелерден құлап жатады, өйткені олар шыбын-шіркейден қорғайтын тор қауіпсіздікті қамтамасыз етеді деп ойлайды. Сондықтан балалар оған сүйенген кезде құлап кетуі мүмкін, өйткені мұндай торлардың құрылымы, тіпті кішкентай баланың салмағына да есептелмеген.

Қыс мезгіліндегі сияқты, жазда да жол-көлік жарақаттарының болатынын естен шығармау керек. Көбінесе бала көліктің жақындап келе жатқанын көріп тұрса да, жүгіріп өтемін деп ойлайды, ал жүргізушінің тоқтап үлгермеуі де мүмкін. Жолды кесіп өтпей, тек жаяу жүргіншілерге арналған жолдан ғана өту қажет, ешқашан жүгіріп өтуге болмайды, өте абай болу керек. Жол қозғалысы ережелерін міндетті түрде сақтау қажет.

Жазда жиі болатын тағы бір жарақат – күйіп қалу. Жоғары температураның немесе ашық жалынның әсерінен тіндердің зақымдануы сіріңкелерді, тез тұтанатын қоспалар мен заттарды дұрыс пайдаланбау нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Сіріңкемен ойнайтын балалар көп жағдайда терек мамығын өртеп, қурап қалған ағаштың немесе қураған шөптің тұтануына себеп болады. Мұндай жағдай өртке себеп болуы мүмкін. Сондықтан балалармен сұхбат жүргізіп, «сіріңке балаларға ойыншық емес» екенін түсіндіру керек.

Жағымсыз салдардың алдын алу үшін серуендеген кезде баланы дұрыс киіндіріп, ауыз су режимін қамтамасыз етіңіз, дұрыс таңдау жасамай ойын ойнау салдарының қауіпті болуының мүмкін екенін айтыңыз.

Қыс мезгіліне қарағанда жазда көшеде, әсіресе елді мекеннің жарығы нашар жерлерінде қараңғырақ болатынын ескеріп, балаларға түсі ашық киім кигізу керек, ал киімде жарықты шағылыстыратын – фликерлердің болғаны тіпті жақсы.

Егер жарақат алған болсаңыз, онда диагнозды нақтылап, денсаулығыңызға қауіп төндіретін жағдайларды болдырмау үшін міндетті түрде  медициналық мекемеге барыңыз, өйткені тек дәрігер ғана қарап-тексеріп, дұрыс диагноз қояды және қажетті ем тағайындай алады. Бәрі өзінен-өзі кетеді деп күтпеу керек, уақыт кетіріп, өз бетінше ем жасауға болмайды. Жарақаттың бәрі бірден байқала бермейді, тіпті аздап ауырудың өзі буынның шығуын білдіруі мүмкін. Уақытында басталған ем – тез жазылудың кепілі және жарақаттан кейінгі асқынудың алдын алу.

Көңіл бөліп, абай болу тек жазда ғана емес, барлық уақытта жарақаттанудың алдын алудың негізгі құралы болып табылады. Жарақаттанудың алдын алудың ең дұрысы – бұл сақтану және абайлау екенін естен шығармаңыз!             

Қуаныш Әлімбетов, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің бас маманы          

https://hls.kz/kk/archives/38267       

Политика конфиденциальности