ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ҚР Үкіметінің отырысында COVID-19 ауруына қатысты елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.
"20-шы маусымнан бастап республикада КВИ ауруының кезекті өсуі байқалып жатыр. Соңғы екі аптада сырқаттанғандардың саны 3,2 есе, яғни, 10 714 - тен 34 550 жағдайға дейін өсті", - деді А. Ғиният.
Бұл ретте соңғы тәулік бойынша КВИ+ -тің 2021 жағдайы және КВИ- -тің 1 жағдайы тіркелді.
Бағалау матрицасына сәйкес бүгінгі күні сары аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, қалған өңірлер мен Қазақстан Республикасы жасыл аймақта орналасқан.
"Республикада коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі маусым айының ортасынан бастап байқалады. Сырқаттанушылықтың ең көп өсуі еліміздің 6 өңірінде байқалады, онда соңғы екі аптада сырқаттанушылық 5 және одан да көп есе өсті, оның ішінде Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстарында – 6 есе, Қостанай облысында – 5 есе", - деп атап өтті министр.
Алматы қаласында соңғы аптада КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтану үрдісі байқалады.
ҚР ДСМ-нің басшысы COVID-19 ауруының кезекті толқыны Омикрон ВА.5 штаммының субвариантынан туындағанын, осы жылдың шілде айында елімізде жүргізілген генетикалық зерттеу нәтижелері бойынша зерттелген үлгілердің 70% - ында анықталғанын атап өтті.
"Бұл нұсқа жоғары жұқпалығымен ерекшеленеді және Дельта нұсқасымен салыстырғанда әлдеқайда жеңіл болып келеді. Бұл науқастардың 94% - дан астамы амбулаториялық жағдайда емделетіндігімен расталады", - деді А.Ғиният.
Бүгінгі таңда инфекциялық төсектердің қамтылуы 30% -ды, бұл шамамен 1500 пациентті құрайды, реанимациялық төсектердің 7% - ы 45 пациентті құрайды.
Министрлік коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және уақтылы эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын қабылдау мақсатында тұрақты негізде өңірлермен ахуалды бағалау бойынша штабтар жүргізеді және жағдайды тұрақтандыруға бағытталған жедел шаралар қабылдайды.
Медициналық ұйымдардың КВИ – ға дайындығы тұрақты негізде қамтамасыз етіледі, бүгінгі күні 189 медициналық ұйымда 4900-ден астам ковидтік төсек, 620 - реанимациялық төсек, резервте 20 мыңнан астам төсек бар.
МСАК деңгейінде медициналық көмекті 5 700-ге жуық ұйым және 2 400-ге жуық көшпелі мобильді бригада көрсетеді, олардың 1000-нан астамы ауылда ұйымдастырылған. Резервте 1 610 мобильді бригада бар.
"Ауырғандардың 80% - ы егілмеген немесе 6 ай бұрын егілген адамдар, бұл КВИ-ға қарсы уақтылы ревакцинация қажеттілігін тағы да дәлелдейді", - деп атап өтті А.Ғиният.
Республикада халықтың ревакцинациясы жалғасуда, бүгінде ревакцинацияны 5 млн-нан астам адам алды, бұл тиісті контингенттің 68% - ын құрайды.
Министр вакцинация мен ревакцинация КВИ-дің алдын-алудың негізгі әдісі екенін хабарлады.
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/407689?lang=kk