Қазақстандағы туберкулез жағдайы
Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес балаларға БЦЖ вакцинасы туғаннан кейін 2-4 күндері (перзентханада) және 6 жаста (1 сыныпта) салынады.
Вакцинаны ерте салудың бірден бір себебі Қазақстан эпидемиологиялық қолайсыз ел. Мемлекетімізде аурушаңдық көрзеткіші 20 науқасқа 100 мың тұрғын көрзеткішінен жоғары, соған сәйкес ДДҰ жаңа туған сәбилердің барлығына БЦЖ салуды ұсынады. Бұл вакцина балаларда туберкулездің ауыр түрде өтпеуін алдын алады. Себебі аурудың ауыр дәрежесі, 5 жасқа дейінгі балаларды өлімге немесе мүгедектікке алып келеді.
Манту және ТРА («Диаскинтест») жайлы
Бұл не?
Манту — туберкулинді сынама
ТРА — Туберкулезді Рекомбинантты Аллергенді сынама (бекітілген атауы – «Диаскинтест»).
Бұл екі сынама бала организімінде туберкулез микобактериясы бар екенін анықтау үшін қажет.
Бұл сынамалардың негізгі ерекшелігі – тері ішіне туберкулиннің өте аз мөлшерін (Манту) немесе туберкулезді рекомбинантты (ТРА) аллергенді енгізіп, тек жергілікті реакцияны шақырумен көрініс береді.
Қашан және кімге Манту сынамасы және ТРА жасалады
Манту сынамасы міндетті түрде БЦЖ вакцинасын салар алдында жүргізіледі
2+ ай
2 айдан асқан, пезентханада вакцина алмаған балаларға
6 жас
6 жасар балаларға екіншілікті вакцинаны салар алдында
Егер «күдікті» немесе «оң» реакция алатын болсақ, балаға екпе салынбайды. Бала міндетті түрде фтизиатырдың қабылдауында болу қажет (туберкулезді емдейтін мамандандырылған дәрігер).
Манту сынамасы жыл сайын қауіп тобындағы: яғни, иммунды тапшылығы және созылмалы аурулары бар; әлеуметтік – қолайсыз отбасыннан шыққан балалар; БЦЖ екпесін алмаған, 2 айдан асқан және вакцинаға дайын болмаған балаларға жүргізіледі.
Манту сынамасы жылына екі рет туберкулезбен ауырған науқастармен қатынаста болған балаларға жүргізіледі.
ТРА тек Манту сынамасынан кейін, туберкулинді сынаманы қайта тексеру мақсатында жүргізіледі.
Манту мен ТРА («Диаскинтест») айырмашылығы
Манту
Манту сынамасы 80 жылдан аса белгілі- жасырын туберкулезді анықтаудағы ең тиімді әдіс.
Тест кей жағдайда жалған – шың нәтиже беруі мүмкін. Себебі ол БЦЖ вакцинасына немесе туберкулезді емес микобактерияға реакция көрзетуі мүмкін.
ТРА («Диаскинтест»)
ТРА (Диаскинтест) тек туберкулез микобактериясына реакция береді, нақтылығы 95% жоғары.
Бұл әдіс ерекше және қымбат, соған байланысты балаларды профилактикалық ем тағайындауға іріктеу кезіңде ғана қолданылады.
Қалай қойылады
Әдістің дұрыс жүргізілгенін енгізу кезінде теріде «түймелі» лимон қабығы тәріздес төмпешіктің пайда болып, екпеден соң 20 минуттан кейін тарап кетуімен көрініс беру қажет.
Кейде, өте сирек жағдайда қан тамшыларын байқауымыз мүмкін, бұл ұсақ капиллярларға тиіп кеткен жағдайда кездесеі. Бұл қалыпты көрзеткіш.
Не істеуге болады және болмайды
Екпе орнын сулауға және баланы шомылдыруға болады
Екпе орнын қасуға, белгілі бір затпен өңдеуге және шомылдыру кезіңде ысқышпен ысқылауға болмайды.
Сынамадан кейін үш күн бойы балада бұрын соңды аллергия шақырған тамақ өнімдерін беру ұсынылмайды.
Нәтижесін қай кезде аламыз?
Манту сынамасы немесе ТРА нәтижесін үш тәуліктен немесе екпе алғаннан кейін, 72 сағаттан соң аламыз.
Жалпы бағалау қалай жүзеге асады?
Міндетті түрде инъекция орнын сипалаймыз, теріден төмпейіп тұрған инфильтрат (папула) бар ма, анықтау мақсатында жүргізіледі.
Гиперемия — папула айналасының қызаруы
Папула (инфильтрат)
Себебі папуланың диаметрі шешуші рөл атқарады. Мөлдір сызғыш арқылы перпендикулярлы қолдың бойымен екі шекарасын өлшейді. Өлшемі миллимерт күйінде жазылады.
Егер папула гиперемияланған (қызарған) болса, диаметрін жеке өлшейді.
Инфильтраттың дұрыс өлшемі (папуланың)
Инфильтраттың дұрыс емес өлшемі (папуланың)
Мысалға медициналық кітапшада: « папула 5 мм, гиперемия 10 мм» деген жазба болу қажет.
Манту сынамасынан немесе ТРА(«Диаскинтест») қандай реакция болу мүмкін?
Теріс
Инфильтрат немесе гиперемияның болмауы, «екпелік реакцияның» (0-1мм) болуы. Бұл жақсы нәтиже, алаңдаудың қажеті жоқ.
Күдікті
Инфильтрат 2-4 мм, кез – келген өлшемдегі гиперемия инфильтратсыз. Бұл ағзаның сынамаға жауабы, бірақ қайта тексеру қажет.
Оң
Инфильтрат 5 мм және одан жоғары. Фтизиатрға жолдама алу қажет, бірақ дабыл қағып қажеті жоқ, себебі жалғаң – шың реакция болуы мүмкін.
Егер инфильтрат көлемі 15 мм және одан жоғары болса немесе везикулды- некротикалық өзгеріс және (немесе) лимфангоит, лимфаденит болса инфильтраттың өлшеміне қарамастан, гипперергиялық жауап ретінде бағалаймыз. Бұл жағдайда фтизиатр дәрігерге жолдама беру қажет.