Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы
ҚАЗ
RU
Меню
Главная Жаңалықтар Көкшетауда КВИ-мен ауырған соңғы науқас жазылып, ауруханадан шықты

Көкшетауда КВИ-мен ауырған соңғы науқас жазылып, ауруханадан шықты

05 Апреля 2022

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда жұқпалы аурулар орталығынан КВИ-мен ауырған соңғы науқас емделіп шықты. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда жансақтау және қарқынды терапия бөлімшесінде КВИ немесе пневмония диагнозы бар бір де бір ақмолалық науқас жоқ. Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығының ковидтік бөлімшесінен коронавирус инфекциясы диагнозымен соңғы науқас емделіп шықты.

Дегенмен, бірнеше ақмолалық әлі күнге дейін пневмония диагнозымен стационарлық ем алып жатыр. .

«Ақмола облысында соңғы екі аптада жедел медициналық жәрдемді шақыру көрсеткіші 5,3 пайызға, яғни 4727-ден 4473-ке төмендеді. Көкшетаулықтар жедел жәрдемді 6,5 пайызға аз шақыра бастады. Шақыртулар саны 1 651-ден 1 543-ке дейін кеміді. Өңірде КВИ бойынша шақырулар 42,5 пайызға азайды. Бұл ретте екі апта ішінде тек екі адам ауруханаға жатқызылды. Алайда, облыста жедел респираторлы вирустық инфекция мен пневмония бойынша шақыру біршама жиілілегені байқалады», - деді Н.Сыздықов.

Өткен тәулікте өңірде КВИ шалдығудың бірде-бір жағдайы анықталған жоқ.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ақмолалықтарды коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың тұрақтануына қарамастан, қырағылықты жоғалтпауға және барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауға, сондай-ақ вакцина алуға шақырды.

https://lenta.inform.kz/kz/kokshetauda-kvi-men-auyrgan-songy-naukas-zhazylyp-auruhanadan-shykty_a3919352

Политика конфиденциальности