Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы
ҚАЗ
RU
Меню
Главная Жаңалықтар Ажар Ғиният: Елдегі эпидемиологиялық ахуал қанағаттанарлық деңгейде

Ажар Ғиният: Елдегі эпидемиологиялық ахуал қанағаттанарлық деңгейде

05 Апреля 2022

«Коронавиурс инфекциясының тарау қарқыны бәсеңдегенін көріп отырсыздар. Тәулігіне 10-15 жағдай ғана тіркеліп отыр. Соның өзінде тәулігіне 15 мың ПТР-сынама зерттеліп жатыр. Осының 10-15-і ғана вирустың бар екенін көрсетуде. Бұл қазіргі таңда эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деңгейде екенін растап тұр. Бүгінде шынымен де індетті тарауы саябырси бастады. Осыған байланысты барлық дерлік шектеу шараларын алып тастағанымызды білесіздер. Сонда да адамдар көп жиналатын жерлерде маска тағуға кеңес береміз», - деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, әлемде эпидемиологиялық жағдай әлі қалыпқа түсе қоймаған.

«Қазір Қытайда «омикронмен» науқастану көлемі артып жатқанын білесіздер. Бірқатар Еуропа елдерінде сырқаттану деңгейі өсіп отыр. Сондықтан елдегі жағдай тұрақты болғанына қарамастан, шекара маңайында шектеулер сол күйінде қалып отыр. ПТР-тест қорытындысынсыз, вакцинация паспортынсыз тек өз азаматтарымыз ғана емес, шетелдіктер де ел аумағына кіре алмайды», - деді ведомство басшысы.

Политика конфиденциальности