Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы
ҚАЗ
RU
Меню
Главная Жаңалықтар «Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Аққөл аудандық ауруханасы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына арналған Бақылау кеңесіне мүше тағайындау бойынша конкурс жариялайды

«Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Аққөл аудандық ауруханасы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына арналған Бақылау кеңесіне мүше тағайындау бойынша конкурс жариялайды

17 Января 2023

«Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Аққөл аудандық ауруханасы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына арналған Бақылау кеңесіне мүше тағайындау бойынша конкурс жариялайды

 

Кәсіпорын денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорын мекенжайы: 020100, Ақмола облысы, Ақкөл қаласы, Кирдищева 89 көшесі, тел. 8(71638) 2-1161.

Үміткерлерге талап: жоғары білімді болуы, сонымен қатар келесі талаптардың бірі:

1) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономиканың/қаржының және (немесе) бизнестің және (немесе) құқықтың бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

2) денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) экономиканың/қаржының және (немесе) бизнестің бейіні бойынша және (немесе) басшы лауазымдағы құқық бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бірлестікте мүше болуы.

Конкурска қатысуға ықылас білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау, конкурс өткізу туралы хабарландырудың баспаларда шыққан күнінен басталады. 

Үміткер осы хабарландыруды жариялаған күннен бастап 30 күн ішінде 020000, Ақмола  облысы, Көкшетау қаласы, Сатпаева, 1 көшесі, 208 каб., «Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ мекенжай бойынша конкурсқа қатысу үшін мәлімдеме және келесі құжаттарды ұсыну керек:

  • конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
  • Еркін үлгіде баяндалған өмірбаян;
  • Үміткердің жеке басын куәландыратын, нотариалды расталған құжат көшірмесі;
  • Жоғары білімі туралы нотариалды расталған құжат көшірмесі;
  • Сонғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдау немесе еңбек келісімшартын бұзу  туралы бұйрық көшірмесі немесе еңбек кітапшасының нотариалды расталған көшірмесі;

             7) ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейіне (біліктілікті арттыру, ғылыми дәреже және атақ иелену туралы, ғылыми басылым, алдыңғы жұмыс орны басшысының мінездемесі)  қатысты құжаттарды ұсына алады.

Қатысушы конкурстық мәлімдеменің түпнұсқасын конвертке желімдейді және «Түпнұсқа» деп белгілейді.  Осы конвертте тегі, аты, әкесінің аты және үміткердің мекенжайы жазылады. Кейін конверт сыртқы конвертке желімделеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

  • «Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ Кокшетау қ., Сатпаева 1 к., 208 каб. мекенжайы бойынша  жолдануы тиіс;
  • «Бақылау кеңес мүшелері конкурсы Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Ақкөл аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бақылау кеңесі мүшелері» және «2023 жыл «20» ақпан сағ. 11-00 дейін ашылмасын» сөздері болуы керек.

Конкурстық мәлімдеме мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данадан жолдануы тиіс.

Бақылау кеңесіне мүше тағайындау бойынша конкурс 2023 жыл «20»  ақпан сағ. 11-00 келесі мекенжай бойынша өткізіледі: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қ., Сатпаева 1 к., үшінші қабат, мәжіліс залы.

Анықтама телефоны: (87162) 25-19-94

Политика конфиденциальности