Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы
ҚАЗ
RU
Меню
Главная Жаңалықтар 22 қазанда Республика күні ұлттық мерекесіне орай Ақкөл аудандық ауруханасында медицина қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиналыс өтті.

22 қазанда Республика күні ұлттық мерекесіне орай Ақкөл аудандық ауруханасында медицина қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиналыс өтті.

22 Октября 2022
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Аккольская РБ (@akkol_rb)

22 қазанда Республика күні ұлттық мерекесіне орай Ақкөл аудандық ауруханасында медицина қызметкерлерінің қатысуымен салтанатты жиналыс өтті.
Грамоталармен К.К. Тілеулин, А.Е. Мұхаметкаримова, Н.Н. Мазуренко марапатталды, Қасым Б.Қ. алғыс хатпен марапатталды.

25 қазан Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Дәл осы күні 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданды.
25 қазан 2001 жылы мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді. Алайда, кейінірек 2009 жылы елдің Тұңғыш Президентінің Жарлығымен ол мемлекеттік мерекелер тізімінен шығарылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін тойлауды жандандыруды ұсынды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Парламент Сенаты "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мереке мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"заңға түзетулер қабылдады. Нәтижесінде 25 Қазан Республика күні - ұлттық мереке, ал 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні - мемлекеттік мереке болып белгіленді.


Политика конфиденциальности