Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы
ҚАЗ
RU
Меню
Главная Жаңалықтар 2022 жылдың 3 қазанына Ақкөл ауданында тұмауға қарсы 2591 адам егілді.

2022 жылдың 3 қазанына Ақкөл ауданында тұмауға қарсы 2591 адам егілді.

05 Октября 2022

2022 жылдың 3 қазанына Ақкөл ауданында тұмауға қарсы 2591 адам егілді.
Олардың ішінде:
0-4 жас 25
5 – 14 жас 341
15-29 жас 428
30 - 64 жас 1436
65-жас және одан жоғары 361

Вакцинацияны аттестаттаудан өткен білікті қызметкерлер жүргізеді.
Тұмаумен барлық жастағы және жылдың кез келген уақытында ауырады. Алайда, аурудың шыңы күзгі-қысқы кезеңде, адамдар жабық, желдетілмеген бөлмелерде көбірек уақыт өткізген кезде, ағза дәрумендердің жетіспеушілігінен әлсіреп, температураның үлкен өзгеруіне ұшырайды.
Жоғарғы тыныс жолдарына енген кезде вирус шырышты қабықтың сыртқы қабатының жасушаларына еніп, олардың бұзылуына әкеледі. Құрамында вирус бар жасушаларды организм қабылдамайды және қоршаған ортаға тыныс алу арқылы, жөтелгенде, түшкіргенде, жанындағы адамдарға жұқтырады. Бұл таралу жолы ауа тамшылары деп аталады.
Тұмауға қарсы вакцинада инактивацияланған вирус бар, ол тұмаумен ауыруға себеп бола алмайды. Егер сізде әлсіздік пайда болса немесе температура сәл көтерілсе, бұл иммундық жүйенің вакцинаға қалыпты реакциясы болып саналады, ол әдетте бір-екі күннен аспайды.

Политика конфиденциальности