НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 2257 адамнан анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 642, Алматы қаласында - 650, Шымкент қаласында – 145, Ақмола облысында – 38, Ақтөбе облысында – 30, Алматы облысында - 82, Жетісу облысында - 78, Атырау облысында - 44, Шығыс Қазақстан облысында - 22, Абай облысында - 15, Жамбыл облысында - 86, Батыс Қазақстан облысында - 39, Қарағанды облысында - 188, Ұлытау облысында - 24, Қостанай облысында - 29, Қызылорда облысында - 69, Маңғыстау облысында - 19, Павлодар облысында - 19, Солтүстік Қазақстан облысында - 16, Түркістан облысында - 22. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 323 710 жетті. Айта кетейік, алдыңғы күні тәулік ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 1959 адамды құраған болатын.
https://www.inform.kz/kz/otken-taulikte-2257-adamnan-koronavirus-anyktaldy_a3957281