Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы
ҚАЗ
RU
Меню
Главная Мемлекеттік қызметтер "Ақкөл аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК мемлекеттік қызметтердің 13 түрін көрсетеді

"Ақкөл аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК мемлекеттік қызметтердің 13 түрін көрсетеді

Құрметті Ақкөл ауданының тұрғындары!


Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Ақкөл АА» ШЖҚ МКК 13 мемлекеттік қызмет түрін көрсетіні туралы хабарлайды:
1. «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу»
2. «Дәрігерді үйге шақыру»
3. «Дәрігердің қабылдауына жазылу»
4. «Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме беру»
5. «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру»
6. «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру»
7. «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымның еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру»
8. «Алдын ала міндетті медициналық тексерулерден өту»
9. «Трансплантациялау мақсатында қайтыс болғаннан кейін тіндерді (тіндердің бөліктерін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) өмір бойы ерікті түрде беруге келісімді немесе келісімді қайтарып алуды ресімдеу»
10. «Емдеуге жатқызу бюросының порталы арқылы пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жатқызуға жолдама беру»
11. «Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру»
12. «Санаторлық-курорттық емделу қажеттілігі туралы қорытынды беру»
13. «Азаматтардың жекелеген санаттарын дәрілік заттармен, мамандандырылған медициналық мақсаттағы бұйымдармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету».
Барлық мемлекеттік қызметтер стандарттарға сәйкес көрсетіледі.
Халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында «Ақкөл АА» ШЖҚ МКК мемлекеттік қызметтерді көрсетуді реттейтін құқықтық актілермен стендтерді безендірді. Бұл ақпарат ресми интернет-ресурстарда мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған. Сондай-ақ, «Egov» өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда емделушілер мемлекеттік қызметтерді өздері немесе оператордың көмегімен ала алады.

Политика конфиденциальности